- Негізгі бет
- Саяхатты сүйемін
- Жалғыз саяхаттауға болатын...
Жалғыз саяхаттауға болатын әлемдегі ең қауіпсіз елдер
Саяхат адам жанын ерекше сезімдерге бөлейді. Ел көру, жер көру жаңа көзқарастарды қалыптастырады. Сіздің бұрынғы қалыптасқан "ережелеріңізді" қайтадан өзгертуге итермелейді. Саяхаттау – жаңа мүмкіндіктерге жол ашады. Қыдырудың ең жақсысы – мүмкіндігінше жалғыз жүру. Егер сіз бірнеше тілді меңгерген болсаңыз, онда тіпті жақсы. Әрине, саяхат барысында қауіп-қатерге ұрынып қалмау жағын ойластырған жөн. Барған еліңіздің қауіпсіздігі жақсы болса, саяхатыңыз да сәтті болмақ. Біз сіздерге жалғыз саяхаттауға болатын әлемдегі ең қауіпсіз елдер тізімін ұсынамыз.
Исландия. Бұл елдің тыныш екендігі сонша, полиция қызметкерлерінің өзі қару ұстамайды.
Дания. Ел астанасында қауіпті аудандар жоқтың қасы.
Жапония. Азия елдері бойынша қылмыс жасау деңгейі ең төмен ел боп саналады.
Сингапур. Сингапурлықтар заңмен жүретін өте тәртіпті халық. Сол себепті де, келушілер түннің ортасы болса да, қалада жалғыз жүруден еш сескенбейді.
Коста-Рика. бұл елде ешқашан тәртіпсіздік, төңкеріс пен бүлік болмаған. Коста-Рикада тіпті әскер де жоқ.
Кипр. Елде қылмыс деңгейі төмендігі сондай, жергілікті тұрғындар үйлерінің есігі түнде де ашық тұрады.
Швейцария. Бұл елде балаларды мектепке шығарып салудың қажеті жоқ. Былайша айтқанда ешқандай қауіп-қатердің иісі де сезілмейді. Барлығы еркін жүре алады.
Ж. Жұмағұлов