Жалаңаяқ марафоншы

Монреалдың тумасы саналатын жас инженер Джозеф Майкл қайырымдылыққа қаражат жинау мақсатында Канада мен Аргентина арасын жалаңаяқ жүгіріп шықпақшы. Еңсергелі отырған қашықтық - 19 000 шақырым. 

Бұл қадамға бел шешпестен бұрын, Джозеф бір жыл бойына жалаңаяқ жүгіріп дайындалып келген. Ол еңсергелі тұрған қашықтық Жер диаметрінен 7 000 шақырымға ұзын. Рокни бұл салада мұндай қашықтықты жүріп өткелі отырған бірінші жан емес, алайда, жалаңаяқ жүгіргелі отырған бірінші адам. Бұл қылығынан да бір қорытынды шығаруға болатын шығар - аяқ киімге кетер шығынды үнемдеп қалмақ. Аяқ киім салынған сөмкелер арқасын қажамайтын болар.

Жалаңаяқ жүргінші бір жүгіргенде 25 шақырымды артқа тастамақшы. Күніне екі мәрте. Мұнысы жан қалжыратар жүйе болғанымен, өзінің айтуы бойынша, жұмсақ жолдармен жүріп отырмақшы. Аяққа сүйел шығып жатқан жағдайда, жүгіріске арналған бірнеше сандалын киіп алады. Сонымен қоса, ол өзімен бірге емге қажетті дәрі-дәрмектерді де ұмытпақ емес. Бәрінен бұрын, жағдай шиеленіскен жағдайда Джозефті құтқарушы тік ұшақ күтір тұрады. Бұған жеткізе қоймас деген ойда.

Жүргінші жолда құрамында ақуыздары көп өсімдіктермен азықтанбақ. Бұдан бөлек те, дәмді-тәтті тағамда да қалыс қалмаған. Физикалық ауырпалықтан өзге де, Джозеф жалғыздық проблемасымен бетпе-бет ұшырасады. Өйткені, 18 ай уақыт кез келген жан баласын қалжыратып жіберуі әбден мүмкін. 

Айтпақшы, осы бір азаматтың қанаттануына бүкіл Оңтүстік Африканы мотокциклмен жүріп өткен Эрнесто Че Гевараның "ерлігі" түрткі болған. Және чилилік Андах жерінде әуе апатына ұшыраған регбиден уругвайлық команда өкілдері де қозғау салған екен.

writeFlash({"src":"https://www.youtube.com/v/1HbCv9Rm9nI#t","width":"450","height":"240"});

Дайындаған: Фараби Арыстанбеу

сурет: fotki.yandex.ru