Үй жануары иттерге арналған жарыстарда жеңімпаз атануы үшін ғана үйретіліп, тәрбиеленбейді. Сонымен қатар әлеуметтік желілердегі лайк "жинау" үшін де өсіп-өнуіне әбден болады.
Америкалық Терон Хамфри суретке келбетті түсетін Мэдди атты итінің атынан инстаграм жүргізіп келеді. Әр күнгі жазбада (блог) аталған иттің бір күндік өмірінен және екеуі бірге түскен саяхаттардағы суреттер қойылады. Өздеріңіз қөріп тұрғандай, Мэдди мырза сурет түсіруге әртүрлі табиғат аурасын қолайлы көріп, итіне бірде адам киімін кигізсе, енді бірде үсей-асайлармен бір қатарда (аксессуар) алғанды жөн көреді.
Фотограф мырзамыз осы бір итімен бірге АҚШ-тың барлық штатында болып қайтқан. Жуырда National Geographic журналының ұйғарымы бойынша, "Жыл саяхатшысы" деген ат алыпты.
Тартымды ирониялық суреттер адамды бей-жай қалдырмайды. Бір аңғарғанымыз, тілалғыш иттің өзі иесіне суретке түсіруіне қолқа салатын көрінеді...
сурет:gorpom.ru
Дайындаған: Фараби Арыстанбек