Иттерге арналған қонақүй

Иттерге арналған қонақүй

Бразилияның Бело-Оризонте қаласында иттерге арналған қонақүй ашылды. Бұл қонақүй кәдімгі сегіз қабатты мейманхананың бір қабатын алып жатыр. Яғни қонақүй ішінен жеті қазынаның бірі, адамның досы үшін арнайы бөлмелер бөлінді деген сөз. 

Аталған қонақүйде 60 адам жұмыс істейді. Олардың арасында иттердің денсаулығын қадағалап отыратын ветеринарлар мен биологтар бар. Сонымен қатар иттер үшін фитнес-орталық пен туған күндерін тойлауға арналған бөлме салынған.

Айта кетсек, ит иелері қонақүйде орналастырудың бір күні үшін 50 доллар төлейді. Сонымен қатар, иттерге қажетті заттар сататын дүкен де ашылған. Ол жерден қалтаңыз көтеріп бара жатса, 1 мың долларға Сваровски тастарымен әшекейленген қарғы бау сатып алуға болады.

Естеріңізге салсақ, Бразилия иттер саны жағынан әлемде АҚШ-тан кейін екінші орында. Бүгінгі таңда Бразилияда елінде 32 миллионға жуық ит тіркелген. 

Сурет:travel.obozrevatel.com

Дайындаған: Фараби Бақыт

Л. Лига