- Негізгі бет
- Саяхатты сүйемін
- Иттер шеруге шықты!...
Иттер шеруге шықты!
Полшалық Краков қаласында ерекше мысқыл сезім мен біртүрлі құмарлыққа, түсініксіз талғамға ие адамдар өмір сүреді екен. Неге дейсіз бе? Олар иттердің сан мыңдаған түрлерінің ішінен ең жақсы тұқым ретінде таксаны танып, оларға «собака-сосиска» деген «сүйіспеншілікке» толы ат таққан. Ең бастысы таксаны таңдаған халық жыл сайын оларға арнап қызықты думан мен көңілді шеру ұйымдастырып береді. Биыл Краков жыл сайын өткізіліп келе жатқан осы іс-шараның он сегіз жылдық мерейтойын атап өтті.
Айдай әлемді аузына қаратқан «сосискалардың» құрметіне арналған мерекеге жиналушы халықтың саны жоқ.
Мереке күні әрбір асыранды өз қожайынынан сәнді киімді сыйлыққа алады. Өйткені, шеру ережесі бойынша, таксалардың бұл күні өте әдемі болып жүрулері керек. Және олар думанға өзгелерді көру үшін ғана емес, өздерін көрсету үшін де барады.
Осыған ұқсас шерулердің иісі өзге мемлекеттерден де шығып жатады. Мәселен, Ұлыбритания, АҚШ мемлекеттерін мекендейтін такса қожайындары өздерінің сүйіктілеріне арнап көңілді іс-шаралар ұйымдастырады. Дегенмен, бұлардын Краковтағы шеруден айырмашылығы бар. Себебі, бұл елдердегі шерулерге бүгінде иттердің барлық түрі қатысатын болған және шаралар шеруге қарғанда маскарадқа ұқсас келеді.
Dachshund Parad-тың соңғы сағаттарында ең мықты киім киген таксаны анықтап, «жылдың жеңімпазы» деген атақ береді. Яғни, биылғы жылдың жеңімпазы ретінде сомбреро мен пончо киіп келген такса танылып, жеңімпаз тәжі салтанатты түрде табыс етілді.
Суреттер:mytourstory.ru,kulturologia.ru
Дайындаған: Айгерім Сматуллаева