Италиялықтар несиені ірімшікпен төлейді

Біреуге қаржы қорын ірімшік түрінде сақтау күлкілі болып көрінер. Алайда, Италияның бірнеше аумақтарында байлық сақтаудың осы бір түрі ақиқатқа айналып келеді. Бүкіл әлемге танымал пармезен ірімшігі қымбатқа бағаланатыны соншалықты, оны бүгінгі таңда қаржы операциясында кепілдеме ретінде қолдануға мүмкіндік бар болып отыр.

“Credito Emiliano” банкінің ел аумағында жүздеген басқармалары және мыңдаған жұмыс көздері бар. Мақсаты айқын ғимараттар секілді мұнда да барлық сақтық шаралары сақталған: жасырын бейнетаспалар, қорғаныс есіктер және ғимараттың басты бөлігіндегі ең негізгі сақтау бөлмесі. Бірақ, қорғаныс жүйесіне шырмалған осы бір темір қалыптардың барлығында алтын мен қомақты қаржы шоғырланбаған. Оның орнына қабырға сөрелеріндегі темір құрсаудың ішінде италиялық атақты Parmigiano Reggiano ірімшігінің мыңдаған бөлігі сақталып тұр.

Банк орталығы жергілікті өндірісшілерден қарыз орнына пармезен ірімшігін алады. Сол қатарда сапалы өнімді арнайы жасақталған сақтау бөліміне жөнелтеді.

Өзге банк орталықтары алтынға қалай мән берсе, бұл орталық та ірімшікке одан кемшін мән беріп көрген емес. Ең қызығы сол, банк сақтау бөлімінде құны 200,000 долларға бағаланатын пармезен ірімшігі сақтаулы екен.

writeFlash({"src":"https://www.youtube.com/v/CvvJWQ4AGOY","width":"450","height":"240"});

Сурет:www.interfax.by 

Дайындаған: Фараби Арыстанбек