- Негізгі бет
- Саяхатты сүйемін
- Испанияның қараусыз қалған...
Испанияның қараусыз қалған 7 ауылы
Испанияда 3000-ға жуық халық мекен етпейтін ауыл-аймақтар бар. Бұл сан күн санап артып келеді. Ауыл-аймақтағы жергілікті халық біртіндеп қалаға көшіп жатыр. Ал қаладан ауылға келгендер байқалмайды. Десе де, сол ауылдар өз көркін жоғалтпаған. Тірі жан тұрмаса да, тылсымы мен айтары бардай. Суреттерден көре аласыздар.
Бельчите – Сарагоса қаласынан 50 шақырым жердегі ауыл. 1937 жылы азамат соғысы кезінде қираған. Соғыс эпизодтары бар фильмдер мен клиптер осы маңда жиі түсіріледі. Қазір бұл ауылға тек 8 еуроға тур жасап кіруге болады.
Очате Витори қаласының маңындағы ауыл. Бұл мекенде ХІХ ғасырда бір-ақ онжылдықта 3 індеттен тұрғындар қаза тапқан. ХХ ғасырдың соңына таман тұрғындар көшіп кеткен. Ал қызықтап келушілер кейін "бір қызық" күйге түскен. Бұрынғы жергілікті халық бұл маңды "қарғыс атқан жер" деп есептейді екен.
Эль-Аламин елді-мекенін ХХ ғасырдың 50 жылдарында ғана ауыл аттас фабрика қызметкерлері іргесін қалаған. 40 шақты тұрғын үйі бар ауылда мектеп, шіркеу, поштасы болған. Кейін фабрикадан бір қызметкер жұмыстан шығып, ауылдан қалаға көшеді. Олардың орнына басқа отбасы көшіп келген. Кейін фабрика аса табысты болмай, қызметкерлер қалаға көшеді. Нәтижесінде ауыл бос қалады. Қазір стрит-арт суретшілері келіп осылай сурет салып кетеді.
Барселонаға жақын маңда орналасқан Хафра елді-мекенін 1950 жылы "тастанды" қала атанған. Жергілікті аңыз бойынша бұрын осы жердегі бір фермаға ауқатты аустралиялық әулет көшіп келген. Ұлдарының тері ауруына байланысты оларға ферма сыртына шығуға рұқсат бермеген. Үйдің отанасы қызын дүниеге әкелер кезде қайтыс болған, қазаны көтере алмаған отағасы есінен адасып, ұлдарын өлтіріп алған, қызы одан қашып жүріп, құдыққа құлап мерт болған деседі.
Рибаделаго. Бұл ауылда Вега-де-Терра аталатын бөгет болған. 1959 жылы су деңгейі көтеріліп, бөгет жарылған кезде 144 тұрғын қаза тапқан. Олардың тек 28-інің денесі табылып, жерленген. Ауыл түгелімен қираған, жергілікті әкімшілік сол ауылдың маңынан жаңасын тұрғызған. Бөгетті ауылды келіп тамашалайтын турист көп.
Гранадилья мекенін ІХ ғасырда арабтар қалаған. ХХ ғасырда жақын маңға су қоймасын салатын болғандықтан, ауыл тұрғындарын жан-жаққа көшіріп орналастырған. Бірақ сол уақыттан бері бөген суға толы болса да, әлі бір де бір рет тасымапты. Сол себепті кей байырғы тұрғындар осы жерге көшіп келмекке ниетті. Алайда, тирихи тастанды қала тізімен енген соң, ешкім бұл маңда тұрақтай алмайды, тек уақыт кестесі бойынша келіп, көріп кетуіне болады.
Корбера-де-Эбро ауылының жарты бөлігі Азамат соғысы кезінде жапа шеккен, қираған. Қиранды мен үйінділерді жергілікті сол күйінде қалдырған. Ауылды жақын аймаққа көшірген. Қазір саяхаттап, сапар шегіп көруге болады.
Г. Берік