Иордания елінің қасиетті мекендері

Иордания елінің қасиетті мекендері

Соңғы жылдары Иордания үлкен туристтік орталыққа айналды. Жергілікті халықтың кең пейілділігі мен қонақжайлылығы туристтерді өзіне баурап алады. Бұл жерде мұсылман елдеріндегідей сақтауға міндетті қағидаттар мен ережелер болмайды. Иорданияға бару үшін виза рәсімдеудің қажеті жоқ.

Иордания елінің көрікті жерлерінің бірі - қасиетті мекендер. Өлі және Қызыл теңіз жағасында орналасқан қасиетті мекендерге жыл сайын жердің түкпір түкпірінен христиан дінін ұстанған жандар ағылады. Қасиетті мекендердің ең ерекшесі – Петра қаласы.

Петра қаласы - әлемнің жаңа жеті кереметтерінің бірі. Жергілікті халық бұл қаланы «қызғылт қала» деп те атайды. Туристтер бұл қалаға келген бойда өз саяхатын Зика шатқалынан бастайды. Шатқалдан соң, Аль-Хазне тас жартас ғибадатханасына жол тартады.


Джебель ад-Дэйре мекенінде жартас монастырі бой көтерген. Ал Аарона тауында барлық дінге ортақ пайғамбардың бейіті орналасқан. Петра қаласын аралауға бір күн аздық етеді. Сондықтан да, бұл қаланы толығымен көріп қайту үшін бірнеше күн керек.

Иордания жерін христиан дінінің өкілдері ардақ тұтады. Кезінде бұл жерді Иисус пен оның уәкілдері паналаған. Оған Ааронадағы молалар, Моисей бұлағы сияқты қасиетті жерлер дәлел. Көп жандар бұл мекенге Иордан суына шомылу үшін келеді. Бұл судың емдік қасиеті бар деген аңыздар бар. Өзен жағасында православ шіркеуі орналасқан. Бұл жерді ертеде Иордания патшасы арнайы шіркеу салу үшін сыйға тартқан.


Келесі қасиетті мекендердің бірі – Аспан тауы. Библия кітабына сүйенер болсақ, Моисей пайғамбар күллі жұртпен шөлді даланы аралап, осы жерге табан тіреп, кейін өзі қайтыс болған. Аспан тауының шыңында үлкен шіркеу тұрғызылған. Бұл шіркеуде Моисей пайғамбар жерленген деген аңыз бар. Алайда, бейіт басы әлі күнге дейін табылмаған.

Иордания елінде қасиетті мекендерге келетін туристтер өз діни парызын өтеу үшін ғана емес, игі арман-мақсаттарының орындалуын тілеу үшін келеді. Бәзбіреулердің айтуы бойынша, Иордания топырағы рухани арман-тілектердің орындалуына өз септігін тигізеді.

Суреттер: zapiskiprofana.ru, posmotrinamir.ru

Ғ. Ұзақ