Instagram саяхатшылар

Instagram саяхатшылар

Әлемді саяхаттау бұрыннан бері келе жатқан арманыңыз ба? Ендеше Instagram әлеуметтік желісіндегі танымал фотограф-саяхатшылардың аккаунтына жазылыңыз. Бәлкім әдемі суреттер сізді де ұмытылмас саяхатқа рухтандырады.

@muradosmann

Мурад Османн есімді фотограф әлем елдерін өз қызымен бірге аралайды. Оның "Артымнан ер" ("Follow me") жобасы қазірде үлкен танымалдыққа ие болды. Мурад жолсерік болған сүйіктісін әлемнің түрлі жерлерінде қолын ұстап артынан түсіреді. Суреттерді тамашалап отырған адам өзі сол қалада болғандай әсер алады. Оған қоса фотограф ең қызық және ерекше, басқалар білмейтін туристтік жолдарды, қалаларды, жерлерді таңдайды.

@karynkelly

Өз суреттерін iPhone-ға түсіретін Карин Келли есімді фотограф ару күнделікті қарапайым көріністерді ерекше қырынан танытады. Оның суреттеріндегі қарапайым ескі үйлер, орындықтар, тар жолдар, бір жағынан қарағанда қарапайым табиғат көріністері нағыз өнер туындысына айналады.

@sert_mehmet

Серт Мехмет есімді фотографтың суреттерін қарағаннан кейін тезірек заттарды жинап, демалысқа алыс елдерге кеткіңіз келеді. Қанық түстер, түрлі ракурстар мен ерекше жерлер кез келген саяхатшыны таң қалдыра алады. Сәтті сурет үшін ол теңіз түбіне сүңгіп, аспанға да ұшудан қорықпайды. Оның суреттерінде нағыз саяхатшыға тән драйв, адреналин бар.

@corigold

Швейцария – әлемге таулы қыраттарымен танымал ел. Өзінің Instagram аккаунтын тау шыңдары мен таулы көріністерге арнаған Коридің суреттері бойынша таулар жайлы нағыз оқулық жасауға болады.

@twheat

Тайсон Уитли есімді фотограф "саяхаттың ең басты бөлігі – жол" деп санайды. Сол себепті оның Instagram аккаунтынан шексіз тас, темір жолдарын көруге болады. Қаладағы қарбалас көріністері мен биік ғимараттар бос көшелермен бірге кереғар да, үйлесімді де көрінеді.

 

Дайындаған: Сания Аринова

Суреттер: Instagram.com 

С. А