Индонезия астанасының тұрғындары вертикаль бақ өсірумен айналысып жатыр. Бұл игі іс ауаның ластануына қарсы күрес ретінде қолға алынған.
Айта кетелік, сөз болып отырған Джакарта қаласы ең лас қалалар тізімінің үштігіне кіреді. Естеріңізге сала кетелік, әлемдегі ең лас қала ретінде Мехико айтылып жүр. Одан кейінгі орында Бангкок қаласы орналасқан.
Ғылым мен индустрия дамыған сайын атмосфераның да ластануы қарқынды түрде жүріп жатыр. Мәселен 1985 жылы Джакарта қаласындағы бос кеңістіктің үлес салмағы 25 пайыз болса, бұл көрсеткіш қазір 9%-ды құрап отыр.
Индонезия астанасының басшылығы осы процестің қарқынын төмендету мақсатында қала тұрғындарын үйлері мен қоршауларын вертикаль бақтар арқылы әсемдеуге шақырды. Бұл тәжірибені алғаш рет француздар мен жапондықтар қолға алған болатын.
Бұндай өсімдік конструкциялары Сингапурдың да сауда үйлері, офистері, тұрғын үйлері, сонымен қатар, ауруханалырының ғимараттарында көптеп кездеседі. Дегенмен бұл фитофасадтарға қызмет көрсету қарапайым бақпен салыстырғанда үш есе қымбатқа шығады.
Дайындаған: Еркебұлан Қайрахан
сурет: fototelegraf.ru