- Негізгі бет
- Саяхатты сүйемін
- Иесін үйге алып...
Иесін үйге алып қайтатын туфли шықты
Лондонның шығысында «Хокстон» алаңында көпшіліктің назарына қымбат та бағалы, практикалық маңызға ие туфли ұсынылды. Жаңа туфли иесіне жол сілтеп, бағыт-бағдар бере алады екен.
«KK Outlet» экспозициясына қойылған аяқ-киімнің «Үйден артық жер жоқ» деген атауы да бар болып шықты. Иә, ертегіде баяндалатын сиқырлы аяқ-киімді өңімізде көре алатынымыз қандай жақсы болған.
Сонымен туфлидің сол жақ жұбында индикатор мен компас орналасқан. Олар кеңістікте өздіктерінен жол табады. Ал оң жақ жұбында жарық линия түзіліп тұрады. Яғни өзіңіз тұратын ауданның, не болмаса көшенің жол картасын компьютерлік бағдарламалар арқылы түсіріп қойсаңыз болды.
Аталған аяқ-киімді жасап шығарған Доминик Уилкокс есімді дизайнер ойына алған дүниенің тез арада орындалғанына қуанып отыр. Күнделікті бір көмеге барып, үлкен сезіммен қайтқан жігіт өз дегенін жасап шығарды.
USB арқылы жол картасын жүктейсіз де, жүре бересіз. Сонымен қатар тәулігіне бір рет қуаттап тұруыңыз керек.
cурет:demonhost.info
Дайындаған: Фараби Бақыт
Л. Лига