Miniwiz компаниясы болашақта iGreen деп аталатын ерекше авиациялық мұражай тұрғызбақ. Нысанның ерекшелігі сол, ол өңделген DVD және CD дискілерінің қалдығынан салынатын болады. iGreen диаметрі 50 метр болатын шар түрінде болмақ. Оның ішінде 5D кинотеатр, көрме залы, жиналыс бөлмесі және тағы да басқа офистер орналаспақ екен.
Ғимарат қатты жел мен жаңбырға да төтеп бермек. Сонымен қатар, өзінің ерекше микроклиматы арқасында мұражай ішінде тропикалық өсімдіктер жайқалып тұрмақ. Мұражайдың сырты жылтыр және күн сәулесін оңай өткізетіндігі себепті, күндіз оның ішіне жарық еш қиындықсыз өтпек. Ал түнде мұражай іші шамдардың көмегімен жарқырамақ. Компания өкілдері хабарлағандай, мұражай 2015 жылы Қытайдың Хуацяо қаласында салтанатты түрде ашылатын болады.
Дайындаған: Болат Қосмағамбет
сурет: zhelezyaka.com