ХХІ ғасыр балаларын таңғалдырған бақ

ХХІ ғасырдың балаларын таңғалдыру қиынның қиыны екені бәрімізге мәлім. Біреулері оларды еркелете бермеу керек десе, енді біреулері керісінше көңілдерін табуға тырысады. Солардың бірі франциялық суретшілер мен ғалымдар. Олар механикалық жануарларға толы хайуанаттар бағын жасады.


Ондағы жануарлар ерте замандағыдай ақырып, балаларға қарай жүгіреді. Алайда қорықпаңыздар, олар небары жасанды жануарлар ғана. Бастапқыда салмағы 48 тонна болатын, құлағын қайшылаған пілден үлкендер де қорқуы мүмкін.

Темір жануарлар мекендеген хайуанаттар бағы Францияның солтүстік батысындағы Порт Нант қаласында салынған. Ескі ғимарат шеберлердің арқасында безендіріліп, балалардың сүйікті жеріне айналды. Турасын айтқанда бұл темір туындылар балалар ойыншығының үлкейтілген түрі. Онда Леонардо Да Винчидің әлемдік мехиникасы мен Жюль Верннің жасанды әлемі толығымен қамтылған. Келушілерге алғаш кіргенде ертегі әлеміне тап болғандай әсер сыйлайды.

Механикалық хайуанаттар бағының суретшісі Франсуа Деларозьенің айтуынша, балалар мен үлкендерге ерекше әсер сыйлау үшін жануарлардың сұлбасы әдейі үлкен етіп жасалған. «Біздің мақсатымыз – келушілердің бұл жерде кішігірім киноға түсіп жүргендей әсерде болуы. Бізді алға жетелеген де осы ой, осы мақсат» дейді.

Бұл – таңғажайып бақты құрастырған «Ла Машин» компаниясының алғашқы жетістігі емес. Олар 2008 жылы Ұлыбритания елінің Ливерпуль көшелерімен 15 метрлік өрмекшіні жүргізген еді.

2007 жылы осы компания 19 миллион теңгеге кемелер жасайтын орынды сатып алған. 1987 жылдан бері жұмыс істемейтін жерге туристерге арналған демалыс орнын саламыз деп жоспарлаған. Бүгінгі таңда «Ла Машин» компаниясының арқасында 337 гектарды алып жатқан бұл жер Еуропадағы қонақ күтуге арналған мекендердің біріне айналып отыр.

Келушілер билетсіз тегін кіре алады. Мұнымен қатар, жаңадан жасалып жатқан туындыларды бақылап, суретшілерге септігін тигізу мүмкіндіктері бар. Ал жануарлармен бірге серуендеймін деушілер билет сатып алады.

Бу шығаратын машиналардың негізінде салынған хайуанаттар бағы балаларды күн сайын таңқалдыруда. Хайуанаттар бағының ХІХ ғасырдың фантаст ғалымы Жюль Верннің Отанында салынуы заңды секілді. 

Дайындаған: Қарлыға Бүйенбай

Сурет: planet.ru