Гуэль саябағының қызықтары

Гуэль саябағының қызықтары

Гуэль саябағы (Park Güell) пальма ағашы мен теннис алаңынан тұрады. Саябақ Барселона қаласының солтүстік бөлігінде орналасқан. Бұл мекен туристердің жиі ат басын бұрып тұратын сүйікті жеріне айналған.

Саябақтың пайда болу тарихы бұлыңғыр. Әйткенмен қазіргі уақытта Гуэль саябағы Барселонаның кереметтей қонақжайлық көрсететін танымал орындарының бірі саналады. Саябақтағы ағаштар бір жобаның іске аспай қалуынан отырғызылыпты. Архитектор Антонио Гауди кент құрылысымен айналысып жатқан кезде аймақтағы төбешіктерді ешқандай ағаштар көгалдандырып тұрмағанын айтқан. 1900 жылы Гуэль есімді азамат жекеменшік кент салу мақсатымен 15 гектар жер сатып алады. Жоспар бойынша сатып алынған аумаққа 70 үй салынуы тиіс болады. Алайда жоба соңында салушы қаржысына тек екі ғана үй салу мүмкін болған. Жобаның мұндай қарқынмен белең алуына қала мен ауыл арасының алшақтығы кедергі жасаған. Кейіннен Гуэльдің мұрагері басқарма орындарына жерді сатып жібереді. Ал оның орнына кейіннен саябақ пайда болады.

Салынған екі үйдің бірінде архитектор Гауди өзінің немере қарындасымен бірге тұрған. Ол мұнда өзінің әкесі мен марқұм болған қарындасының қызын қамқорлыққа алған. Бүгіндері үй мұражайға айналған. Ал екінші үйде Эусебио Гуэль өзінің жанұясымен бірге өмір сүрген. 

Сурет:haerdekel

Оқи отырыңыз: 

Бізге беймәлім ғажайып мекендер

Шөл далада орналасқан кинотеатр

"Балалар өнертабысы күні" туралы білесіз бе?

Жапонияда қоқыстан 120 мың доллар табылды

Н. Нұрмаханұлы