- Негізгі бет
- Саяхатты сүйемін
- Гонконг ең...
Гонконг ең көп туристер келетін қала атанды
Гонконг 2017 жылы ең көп туристер келетін қалалар рейтингінде бірінші орынға шықты. Осы жылдың ішінде оған 27 миллион турист барған. Бұл туралы Euromonitor International компаниясының сараптамалық баяндамасында айтылды.
Сонымен қатар ең көп туристер келетін қалалар ішінде алғашқы ондыққа Бангкок (21,2 млн келуші), Лондон (19,2 млн), Сингапур (16,6 млн), Макао (15,4 млн), Дубай (14,9 млн), Париж (14,4 млн), Нью-Йорк (12,7 млн), Шэньчжэнь (12,6 млн) және Куала-Лумпур (12,3 млн) секілді ірі мегаполистер кірген.
Euromonitor International – британдық сараптамалық компания. Ең танымал қалалардың рейтингі жыл сайын 100 елден алынып, 10 жыл бойы жасалып келеді. Сарапшылар сапарының мақсаты қандай болса да, нақты қалада 24 сағаттан астам уақыт жұмсаған саяхатшылар туралы деректерді ескереді.
Естеріңізге сала кетейік, 2016 жылы ең көп туристер келетін қала Бангкок (19,41 млн келуші) қаласы атанған болатын. Ол жылы Гонконг ондыққа да енбей қалған еді.
Ж. Жұмағұлов