Голландия қызғалдақтар отаны ма?

 Голландия әлем халықтарына қандай құндылықтарымен танымал? Осы бір қарапайым ғана сұраққа жауап беру барысында көз алдымызға дәмі тіл үйірер голандық ірімшіктер, голандықтар аяқтарынан тастамайтын ағаш кебістер және ең бастысы көрінісі көз тартар, жер-ананың жамылғышына саналатын  қызыл көрпе-қазағлдақтар көз алдымызға келеді. Көп адамдар қызғалдақтың отаны – Голандия деп жатады. Бұл жансақ пікір, өйткені аталған гүлдер Голандияға басқа аймақтардан әкелінген.

Негізінде қызғалдақтардың отаны – Кавказ таулары саналады. Бірақ, бұл өсімдіктер қызғалдақтардың жабайы туыстары еді. Сонымен қатар мұндай әдемі гүлдерді Памир және Тянь-Шань тауларының бөктерлерінен кездестіруге болады. Жабайы қызғалдақтар Қытайда, Моңғолияда, Әмудария мен Сырдария алаптарында мекен етеді. Ғасырлар ағысымен жабайы қызғалдақтар Қырымға, Қара теңізге, ол аймақтардан Грекияға, Болгарияға, Румыния, Югославияға тарады. Бұл мемлекеттер арқылы Италияға, Португалияға, Египетке, Алжирға жеткізілді.

Қызғалдақтарды егу жұмыстары Түркиядағы Константинополь бақтарында бастау алды. Әлемді баурап алған кереметтей гүл шоқтарының алғашқы бумалары дәл осы бақтарда жасалды. Еуропа халықтары қызғалдақ туралы 1550 жылы Австрия елшісі Огир де Бусбектің арқасында білді. Де Бусбек бұл гүлдердің сипатын жасап шығып және оны Венаға жолдаған көрінеді. Бұл мағұлматтар белгілі ғалымдар Конрад Генсер мен Каролус Клузиустың қолдарына тапсырылады. Дәл сол кезде Каролус Лейден униферситетінің шипалы шөптер бағын басқару үшін Голландияға кетіп қалады. Әрине, Каролустың өзімен бірге қызғалдақ баданасын алып кеткендігі айдан-анық.



Осылайша голандиялықтар әдемі қызғалдақтарға бір көргеннен ғашық болып қалады. Баданалар Голандиядан Италия мен Чехияға жеткізілді. Осының нәтижесінде бадана сату науқаны белсенді түрде жүргізіле бастайды. Бір бадананың өзі 4600 флорин, бірнеше ат және күймеге бағаланды. Айлар өтеді, жылдар өтеді, бірте-біре қызғалдақтардың түрлі-түсті үлгілері, бірнеше пішіндері шыға бастады.

1625-1673 жылдары «қызғалдақ айналымы» өте үлкен жетістіктерге жетті. Қызғалдақты әлеуметтік таптың кез-келген өкілі өсіретін болды. Ақсүйектер мен шеберлер, саудагерлер мен мұржа тазалаушылар, патшалар мен құлдар бір бірінен қалыспады.

1637 жылдары қызғалдаққа деген сұраныс күрт төмендеп кетті. Көптеген саудагерлдер мен кәсіпкерлер шығынға ұшырады. Қызғалдаққа деген сұраныс төмендегенімен көптеген адамдар гүл өсірумен айналысуды тоқтатпады. Мұның арқасында Голандия «қызғалдақтар патшалығы» атанды.

Қазіргі таңда Голандияда әр жылдың сәуір айы мәресіне жетер кезеңде,  Нордвейк-ан-Зе-Харлем жолында "гүлдер шеруі" өткізіліп тұрады. Аталған шеру жыл сайын  қызғалдақтар мен раушан гүлдерінің барлық әдемілігі мен сымбаттылығын паш етіп келеді.

 

Суреттер: 1zoom.ru, oranjerea.ru, yablor.ru, otpuskland.ru, bezumno.ru, vokrug-sveta.info, islamforum.ru, dimaxblog.ru

Дайындаған: Айгерім Сматуллаева