Германияда тропикалық аралдар салынды

Германияда тропикалық аралдар салынды

Германиядағы Берлиннің оңтүстік-шығысында орналасқан Краусник қаласында "Тропикалық аралдар" атты курорт ашылды. Шипажайдың жалпы ауданы 8 футбол алаңымен бірдей.

Комплекс ешқандай тіреуішсіз салынған әлемдегі ең ірі залдардың бірі болып табылады. Құрылыстың жалпы көлемі 5,5 миллион кубтық метрді құрайды. Ұзындығы 360 метр, ені 210 метр, ал биіктігі 107 метр болатын ғимаратты салуға 14 мың тонна болат пайдаланылған.

ва

Зәулім сарайдың іші кәдімгі орман десе де болады. Тоғайда ұзын саны 30 мыңға жуық өсімдік өсіп тұр. Атап айтсақ, орман банан пальмалары, кофе ағаштары, лианалар, жыртқыш гүлдер және тағы да басқа экзотикалық флораға толы.

ва

Орманның өне бойына кішкене соқпақ жол салынған. Бірнеше көпірдің бар екендігін де айта кетелік. Сонымен қатар, қолдан жағажай жасалып, су бетіне аралдар салынған. Курорттың қызметкерлері тәулік бойы температураны 26 градус деңгейінде ұстап отырады.

ва

8000 адамға арналған бассейн қонақтардың ерекше жайлылықпен дем алуын қамтамасыз етеді. Мини-гольфқа арналған алаң, ресторандар, сауда павильондары, барлар, медпункттер орталықтың абыройын одан сайын асқақтатып тұр.

ва

ва

Бұдан бөлек, ангар ішінде периодты түрде жауын жауып тұрады.

Дайындаған: Еркебұлан Қайрахан

сурет: europe-today.ru, lifeglobe.net, fototelegraf.ru