- Негізгі бет
- Саяхатты сүйемін
- Ғасыры өткен көліктен...
Ғасыры өткен көліктен үй жиһазын жасау мүмкін бе?
Жеңіл көліктер, мотокциклдер мен ұшақтар – бұларды тек тасымал құралы деп қарастырғанымыз дұрыс болмас. Әрине, алғашқы жасап шыққан мақсат тұрғысында қарасақ, дұрыс-ақ. А бағыты мен Б бағытына қатынайтын транспорт ретінде жасалды емес пе?!
Бүгінгі таңда қожайындарының талғам таразысы мен дизайндық шешімталдығына байланысты үй жиһаздары да көліктерден жасалуда.
Мұндай қадамға барудың басты себебі – кейбір қожайындар өз көліктерімен мүлдем қоштасқылары келмейді. Және үй ішіне бірден үйренісіп кете алмай, сыртқа телміріп жүріп алады.
Қонақүй ішіне тұрақтау – Гамильтон Скоттс, Сингапур, 2012
Көліктерге арналған көпбөлмелі үйлерге биометрикалық басқарумен жабықталған арнайы лифт орналастырылған. Көлікті қонақүй бөлмесінің бірден төріне алып барып, жайғастыра береді. Мұндай бөлмелердің құны 9,5 пен 24 миллион доллардың шамасында екен.
Осы бір Ferrari көлігінің иесі жарамсыз болып қалған "тұлпарын" газет-журналға арналған үстелдің астына қоюды жөн көріпті.
Ескі Икарустан жасалған кабинет, Румыния
Нидерландық дизайнерлер өз ғасырында шапқылаған Jaguar-ды кітап сөресіне айналдырыпты.
VroomDecor компаниясының дизайнерлері көліктің артқы бөлігін теледидар қоятын орнатқыш қылып жасаған.
Авто-дивандар
V8 қонақүйі, Штутгарт, Германия
Бөлме сәні болған көлік корпусы
Қозғалтқыштардан журнал үстелі
Mini Cooper автомобилінен жазу үстелі
1965 жылдың Ford Mustang автомобилінен тастаяқ үстелі
B-25 Mitchell бомбалаушысының қосымшаларынан жазу үстелі
Ил-18 ұшағына қосымша тұрғын үй, Ресей
сурет:io9.com
Дайындаған: Фараби Арыстанбек
Л. Лига