Ғарышта түсірілген бейнебаян

Ғарышта түсірілген бейнебаян

Канадалық ғарышкер Кристофер Хэдфилд мамырдың 13 жұлдызында Халықаралық ғарыш айлағынан Жерге оралған болатын. Бұл жерде айтқымыз келетіні, ғарышкер мырза ғарышта Дэвид Боуидің әйгілі "Space Oddity" әніне бейнебаян (видео) түсіріп қайтыпты.

Хэдфилдтің Twitter-ге жазған сөзінен үзінді:

"Дэвид Боуи данышпанға деген құрметпен! Міне, ғарыш айлағында жазылған "Space Oddity". Дүниеге деген соңғы көзқарас".

Бейнебаянда ғарышкер айлақтан табылған гитараны шертіп, ән айтады. Ең қызығы сол, бір мезетте "I'm floating in the most peculiar way" ("Ғаламат түрде ауада буға айналғандаймын") ән тіркесі келген жолда Хэдфилд салмақсыздық күйдегі өз қалпын көрсетсе, ендігі бірде "here I'm sitting in the tin can far above the world" ("Міне, мен темір банканың ішінде әлемнен биікте отырмын") ән мәтіні тұсында канадалық азамат Жер бедерленген иллюминатордан шырқап салады.

Сонымен қатар, Хэдфилд ән мәтінін біршама бұрмалап баққан. Мәселен, қайырмасында өзін станцияға алып барған ғарыш айлағындағы "Союз" кемесі туралы айта кетуді ұмытпайды.

"Space Oddity" әніне арналған таспа Халықаралық ғарыш айлағында түсірілген ең алғашқы музыкалық бейнебаян болып табылады.

Айта отырсақ, Крис Хэдфилд өзіне жүктелген жұмыс күндерінде кемедегі әріптестері мен ғарыштағы сынақтар туралы әртүрлі бейнероликтер түсіріп келіпті. Сол қатарда Twitter-ге Жердің суреттерін тұрақты түрде жиі-жиі жариялап тұрады екен.

Сурет:allprices.com.ua 

Дайындаған: Фараби Арыстанбек

Л. Лига