- Негізгі бет
- Саяхатты сүйемін
- Фудзияма жанартауындағы үрейлі...
Фудзияма жанартауындағы үрейлі құбылыс
Жапония ақпарат агенттігінің хабарына сүйенсек, жуықтан бері Фудзияма жанартауында қалыпсыз жағдайлар орын алуда. Бұл жапон халқына үлкен алаңдаушылық туғызып отыр дейді. Тау баурайындағы көл деңгейлерінің үздіксіз тартылуы, су мөлшерінің азаюы, бірнеше жерден жер асты суларының атылып шығуы секілді халыққа үрей туғызар жағдайлар орын алуда. Бұдан да қорқыныштысы жанартау аузынан сәл төмен аймақта ұзындығы 300 метр, кеңдігі 10 метр шамасындағы терең сызат пайда болған.
Мемлекеттік экология зерттеу орталығының зерттеушілері қатерлі аймаққа барып тексеру жүргізгенімен, бұл құбылыстың себебін таппай отыр. Ал жер сілкінісін зерттеу орталығы жуық арада жанартаудан келер қауіп жоқ деп шешім шығарса да, оған халық сенер емес. Не керек, жапон халқы үрей ішінде.
Дайындаған: Алшын Матай
Сурет: facebook.com
Қ. Қауымбек