Адамның қолынан келмейтіні жоқ. Алайда, кез келген дүниенің өз шегі бар. Егер адам мүмкіншілігі шеңбер іспеттес деп алатын болсақ, Маркессак бақшасының бақшашылары осы шеңберден шыға білді.
Маркессак бақшасы таулы қыратты Дордонь даласына қараған тұста Ла-Рок-Гажак пен Бейнак ауылының екі ортасында 22 гектар жер аумағында орналасқан. Бақша бүкіл Франция елінде италиялық нақышта жасалған ең сұлу бақша ретінде танымал. Маркессакқа жыл сайын өзге мемлекеттерден 140 мыңнан астам турист келеді.
Маркессак ғимаратының бақшасы ұзындығы 6 шақырым болатын лабиринтті саялы аллеядан тұрады. Кейіпке енген мәңгі жасыл шамшит өсімдігі қолмен кескінделіп істелген 150000 жүз жылдық бұтақтардан жасалған. Шамшиттен бөлек бақшада құлпынай, мәңгі жасыл сауырағашы, емен, қарағай, үйеңкі өседі. Саябақта жасанды сарқырама, готикалық капелла, ойын алаңы, көкке шығатын ашық алқап және кішкентай сәкілер бар. Бақшада бес бақшашы жұмыс істейді.
writeFlash({"src":"https://www.youtube.com/v/ZPrHVh0MPkE","width":"450","height":"350"});
Оқи отырыңыз:
Бұл алып қоян мүсіншінің философиялық туындысы
Әлемнің ең қымбат қаласы Африкада болып шықты
Моңғолиялық қазақ альпинисі Массагет сайтына сұхбат берді
Қытай кәсіпкері Rolls-Royce тарихындағы ең қомақты тапсырыс жасады
Дайындаған: Нұрбол Нұмаханұлы
Сурет: www.djournal.com,www.pro-rasteniya