- Негізгі бет
- Саяхатты сүйемін
- Франция елінің нан...
Франция елінің нан өнімдері
Франция туралы сөз қозғағанда Париж, Эйфель мұнарасы, француз халқының таңғы асы еске түседі. Бұл елдің пісірілген нан тағамдары күллі әлемге кеңінен танылған.
Француз елінің ең танымал нан тағамы – круассан. Әуелі, бұл нан өнімін Австрияда ойлап тапқан. Оны «Веналық тоқаш нан» деп атап кеткен. Ал Франция жеріне бұл өнім Мария-Антуанеттенің арқасында келді. Веналық тоқаш нанға қарағанда, Франция тоқашы қабат-қабат қамырдан пісіріледі.
Ыстық шоколад немесе кофе, круассан - бұл француз жұртшылығының дәстүрлі таңғы асы. Круассанды пісірген кезде тек қана жоғары сорттағы сапалы өнімдер пайдаланады.
Француз елінің танымал нан өнімдерінің бірі – бриошь. Бұл нан өнімін 17 ғасырда май мен қабат-қабат қамырда араластырып, Нормандияда пісіре бастаған. Қамырды бірнеше бөліктерге бөліп, суық жаққа қойып қояды. Содан кейін алты жақтан бір-біріне жабыстырып, ыстық пеште пісіреді. Парижде бриошьты басқа жолмен жасайды. Үлкен шар пішінді нан үстінде кішкентай нан қояды. Ішін шоколад пен мейізге толтырады.
Егер де сіз Франция жерінде жүрсеңіз, бірден жергілікті тұрғындардың багетке толы қағаз пакет ұстап жүргендерін көресіз. Әсіресе, бұл көрініс таңғы уақытта жиі кездеседі.
Багеттер өткен ғасырдың 20-жылдары пайда болды. Сол заманда нан пісірушілерге түнгі уақытта жұмыс істеуге рұқсат етілмеді. Ал дәстүрлі нан өнімдерін пісіру біраз уақытты алатындықтан, нан пісірушілер багетті ойлап тапты. Багет қамыры тез көтеріліп, аз уақыт ішінде пісіп үлгереді. Бұл нанды ешуақытта пышақпен кеспейді. Багетті қолмен турайды.
Франция елінде бола тұра, наубайхана дүкендеріне кірмей кетуге болмайды. Наубайхана дүкендері әрбір қала мен ауылдық жерлерде бар. Круассан, багет, бриошпен қатар, сіз тәтті тоқаштар мен дәмді бәліштерді таба аласыз. «Нан өнімдерін ауызға алған кезде, артық салмақ қосамын» деп ойласаңыз, онда сіз қателестіңіз. Мұндай нан өнімдерін француз халқы күнде тұтынады, алайда, олардың арасында артық салмақтылар өте сирек кездеседі.
Француз наубайшылары нан өнімдерінің қамырын илеген кезде химикалық қоспалар мен бояғыш заттарды пайдаланбайды. Бір күнде әр наубайхана шамамен, 2500-3000 багет пісіреді. Әр түрлі пішінде пісірілетін нан өнімдерінің қамырлары 30 сортты ұннан иленеді.
Наубайхана дүкендері таңғы сағат 5.30-6.45 аралығында ашылып, сағат 20.00-де жабылады. Кейбір дүкендері кешкі сағат 21.30-ға дейін істейді.
Суреттер: gooddays.ru, www.worldways.ru, www.forum-grad.ru, www.azurlingua-culture.com
Ғ. Ұзақ