- Негізгі бет
- Саяхатты сүйемін
- Франция елінің Маре...
Франция елінің Маре шамшырағы
Шамшырақ 1874 жылы жұмыс істей бастады. Ол жағаға жақындаған кемелерді түрлі қауіп-қатерден алдын алу үшін салынған. Маре шамшырағының құрлысы 14 жылға жалғасты. Оқымыстылардың айтуынша, шамшырақ берік бетон мен төзімді үш қабатты әйнек пакетінен жасалған. Шамшырақ ішінде адам өмір сүруіне ыңғайлы жағдайлар толығымен қамтылған.
Шамшырақ Атлант мұхитының Франция жағалауында орналасқан. Ол мұнда жайдан-жай салынбады. Өйткені жағалауда жыл сайын сандаған кеме апаты себебінен көптеген адам көз жұмады.
Мұнарада орналасқан шамшырақ жұмысын қадағалап тұру үшін жұмысшылар неше түрлі батыл қадамдарға барады. Шамшырақты жергілікті тұрғындар «Тозақ жері» деп атайды. Себебі мұнда жұмыс істеген екі жұмысшы мерт болып, одан кейінгі жұмысшылар толқын кезінде су астынан шыққан жан түршігерлік дыбыстарды көтере алмай естерінен айырылған. Қазіргі таңда шамшырақ компьютер арқылы оңай өз бетінше басқарылады.
Дауыл кезінде су толқыны 30 метр биіктікке көтеріледі. Ал ауа-райы ашық күндері шамшырақтан қалаға тамаша көрініс ашылады.
Оқи отырыңыз:
Нью-Йорк метрополитеніне – 110 жыл
Қытайлық оқушылар мектепке 5 сағат жүріп барады
Бұл қызық: Әкесін танымай қалған бүлдіршін (видео)
Неге Еуропа мен Америка елдерінің hi-tech кәсіпорындары тап Қытай елінде орналасқан?
Сурет: myway.my1
Н. Нұрмаханұлы