Филиппин еліндегі Синулог фестивалі

Филиппин еліндегі Синулог фестивалі

Филиппин елінде Синулог фестивалі 1980 жылдан бері 14-22 қаңтар аралығында тұрақты өткізіледі. Жыл сайын аталмыш фестивальді өз көзімен көру үшін әлемнің түкпір-түкпірінен саяхатшылар келеді.

«Синулог» сөзі дәстүрлі би деген мағына береді. Бұл би пұтқа табынған кезде орындалатын. Кейін Санто Нино Хрис құдайының нәрестесіне арнап билейтін болды.


Магелланның Себу жеріне жасаған саяхатынан кейін аралда христиан діні кеңінен таралды. Сол кезде арал билеушісі Хумабона патшайымға Магеллан Иисус нәрестесінің мүсінін сыйға тартты.


Филиппиннің көне жәдігерлерінің бірі болып саналатын бұл мүсін базиликтердің бірінде сақтаулы. Фестиваль базиликте салтанатты түрде ғибадатханадағы діни рәсімнен бастау алып, қала орталығына дейін барады. 


Фестивальдің соңғы күні үлкен мерекелік шара өткізіледі. Әртүрлі киімдер киген бишілер өз өнерлерін ортаға салады. Иисус нәрестесінің мүсінін алып шыққан синулог «Иисустың нәрестесі жасасын!» деп ұрандатады. Дауылпаз дүрсілі мен мүйіз атты ұлттық музыкалық аспабының сүйемелдеуімен шеруге шыққандар билейді. Шеру қаланың барлық көшелерімен жүріп өткен соң, кешке мерекелік отшашулармен аяқталады.

Суреттер ғаламтор беттерінен алынған.

Ғ. Ұзақ