Париж қаласының басшылығы әйгілі Эйфель мұнарасы лаңкестерден зардап шекпеу үшін қауіпсіздік шараларын күшейтуде. Жақын уақытта мұнара айналасын оқ өтпейтін шынымен қоршау жұмыстары басталады.
Билік мұндай шараға соңғы жылдары елде болған лаңкестік әрекеттерден кейін барып отыр. Мұнараның айналасы биіктігі 2 жарым метр болатын оқ өтпейтін шынымен қоршалмақ. «Қорған мұнараның әсем келбетін бұзбайды», - дейді мамандар. Ал оны безендіру үшін кәсіпқой дизайнерлер жұмыс жасайды. Жобаның құны 20 миллион еуро.
Айта кетейік, Эйфель мұнарасына әлемнің әр қиырынан жыл сайын 7 миллионға жуық адам келеді екен. Бірақ 2015 жылғы лаңкестік әрекеттерден кейін саяхатшылардың саны күрт азайған.
Дереккөз: 24.kz