Ұлыбританияда бір килограмм есірткі сақтағаны үшін ұсталған азамат соттың шешімімен нашаның зияны туралы 5 мың сөзден құралған шығарма жазатын болды.
Айыпталушы осылайша марихуананың психоз бен қатерлі ісіктің пайда болуына себеп болатындығы туралы түсіндіріп, сонымен қатар жалпы қоғамдық құрылысқа зиянын жан-жақты шолып шығуы керек.
"Мен сот мырзадан есікрті жаман жақтарымен қатар өзіме ұнайтын жақтарын жазуыма бола ма деп сұрадым. Бірақ ол наркотик елде тиым салынғандықтан оған рұқсат бермеді", - деді 32 жастағы британдық азамат.
Айта кетелік бұған дейін айыпталушы қылмысы үшін шартты түрде бір жылға сотталып, 240 сағат қоғамдық жұмыс жасауға міндеттелеген болатын. Дегенмен иығындағы жарақаттың себебінен британдыққа кесілген жазаның түрі өзгертілді.
Дайындаған: Еркебұлан Қайрахан
сурет: supercoolpics.com