"Null Shtern" деп аталатын қонақ үйдің есік-терезесі жоқ. Швейцарияның Альпі тауынан 2 метр биіктіктер орналасқан қонақ үйдің сәулетшілері "Ешқандай жұлдызсыз" болса да, көктегі жұлдызды көруге мүмкіндік бар" дейді. "Бес жұлдызды қонақ үйлерден" тіптен өзгеше, себебі қонақ үйдің атауы (Null Shtern) "нөл жұлдыз" деген мағына береді.
Бір түн қонып, Швейцария аспанын тамашалаймын деген қонақтың қалтасында 210 АҚШ доллары болуы керек.
Кереуетті орнластыру үшін жұмысшылар ең алдымен жерді тегістеген.
Қонақ үйдің не терезесі, не қабырғасы, не жуынатын бөлмесі де жоқ. Бар болғаны бір-екі шкаф пен шам ғана. Ал жуынатын бөлме – бөлмеден бес минуттық жерде. Есесіне, табиғат көрінісін, жұлдызды аспанды көруге мүмкіндік бар.
Басқа қонақ үйлердегідей мұнда да қызметшілер қызмет көрсетеді.
Олар бөлмеге жақын маңда ағаштар тұрғызылған үйде тұрады. Ол қонақтарға арнап таңғы және кешкі ас дайындап, бөлмелеріне алып келеді.