Норвегия жерінде бірнеше көпірден құрылған "Атлант жолы" (Atlantic Road) аталатын құрылыс бар. Оның ашылуы 1989 жылы өткен болатын. Сегіз шақырымнан асатын жол шағын аралдарды қамтып тұр және сегіз нүктені басып өтеді.
Көпірге мұхит жақтан көз жібертетін болсаңыз, тек қана трамплинді көріп тұрғандай боласыз. Бұл да "Атлант жолының" бір ерекшелігі дер едік.
Жолдың ерекше сәулеті кемелердің астынан еш кедергісіз өтуіне бағытталса, екіншіден, жан-жақтан туристердің назарын аудару үшін ойластырылған екен. Теңіз деңгейінен 23 метр биіктікте жатыр.
Ал мына бір Сторсисундет көпіріне келгенде жүйкесі нашар жүргізушілер мен жолаушылар аса сақ болулары керек.
Аверой аралындағы Мёре-ог-Ромсдал губерниясындағы автокөлік жолы бір қарағанда сенімсіздік тудырады, керісінше, бойды үрей билей бастайды. Ел аузында мас көпір деген атқа ие болып жүрген көпірге келушілер өте көп.
Оның көз тартар сұлулығы туралы мұнда болған әрбір турист аңыз әңгіме тарататындығы сөзсіз. Шексіздік сезімін бастан өткеріп, самал желдің өпкенін байқайсыз.
Жолда кетіп бара жатып киттерді, теңіз мысықтарын және тағы да басқа мұхитта мекен ететін бейтаныс жануарларды көре аласыздар. Аялдамаларға тоқтап, суретке түсіп, мұхитқа қарап отырып тамақтанып отырғанға не жетсін?
2005 жылы "Атлант жолы" халықаралық байқауда "Ғасыр құрылысы" деген номинацияға ие болған екен.
writeFlash({"src":"https://www.youtube.com/v/nfb24PhENUs","width":"450","height":"350"});
Дайындаған: Айгерім Сматуллаева
Сурет: vk.com