- Негізгі бет
- Саяхатты сүйемін
- Еріншектерге арналған кірлемейтін...
Еріншектерге арналған кірлемейтін жейде
Америкалық еріктілер тобы жиі жууды қажет етпейтін материал жасап шығарыпты. Айтуларына қарағанда, өнім ең аз дегенде 100 күнге дейін бастапқы қалпында қалып, түсінен айырылмақ емес.
Айтулы материалға "Cotton-Soft" атауы беріліпті және бүгінгі таңда Wool&Prince фирмасы сол бір "еріншектерге арналған жейденің" алғашқы нұсқаларын нарыққа шығармаққа бекініп отыр.
Аталған материалдың артықшылығын дәлелдеу үшін Wool&Prince фирмасының қызметкерлері екі-үш бойына бір жейдені киіп келген. Сосын әлгі қызметкерлер көше бойында кездескен бейтаныстардан өз жейделері турасында ойларын сұрап, тіпті, жейделерді иіскеп көруін өтінген.
Нарыққа шығып жатқан жағдайда, кез келген кержалқау 90 долларға әлгі жейделерді сатып ала алады. Бір қызығы, фирма басшылығы жиі жууға тура келмейтін әрі бастапқы күйін сақтап қалатын жейделерді қымбаттатпақ ойлары бар көрінеді.
сурет:rbc.ua
Дайындаған: Фараби Арыстанбек
Л. Лига