- Негізгі бет
- Саяхатты сүйемін
- Ерімейтін балмұздақ...
Ерімейтін балмұздақ
Қытайда балмұздақтың жаңа түрі шықты. Әрине, әні-міні дегенше бізге де жетіп қалар. Әзірше, ақпар бере тұрайық.
Сонымен әңгіме болып отырған балмұздақты бөлмедегі үстел үстіне бірнеше сағат бойына тастап кете аласыз. Қорықпаңыз, ерімейді. Керісінше, сіздің келуіңізді күтіп "отырады".
"Банан" (Banana) деген атау алған осы бір балмұздақты Қытайдағы Nestle компаниясы жасап шығарды. Қазіргі таңда Қытайдың кез келген дүкенінде сатылымға түсуде. Сонымен қатар аталған балмұздақтың атауына қарамастан неше түрлі жемістердің шырын дәмін тата аласыз. Және құрамы да аса алып бара жатқандай күрделі емес, жай ғана сары желатин көмкерілген ванильді балмұздақ болып табылады.
Иә, Қытай елінің шыжыған күн ыстығының астында балмұздақ жеп тұру қиын да шығар. Бірақ, бұл балмұздақ сізге қарағанда әлдеқайда "төзімдірек" болып шықты. Мәселен, жапондық бір репортер сынамақшы болып "Бананды" жол үстіндегі асфальтқа қоя салады. Бір қызығы, арада екі-үш сағат өтеді. Бірақ, "Банан" еш өзгеріссіз, ерімеген қалпында қала береді.
Сурет:rcoi.net
Дайындаған: Фараби Бақыт
Л. Лига