Ұлыбританиялық фотограф Оливер Кертис (Oliver Curtis) Париж, Мәскеу, Иерусалим, Афина, Рио-де-Жанейро, Гизе, Берлин, Ватикан, Лос-Анджелес және басқа қалаларға саяхаттаған. Фотографтың тарихи орындар мен ескерткіштерді туристерше емес, қарама-қарсы ракурстан суретке түсіретін әдеті бар екен. Бұл әдет кейін танымал жобаға айналды.
Оның Volte-Face суреттер сериясынан Тәж-Махал, Лувр, Рейхстаг, Азаттық мүсіні сияқты атақты нысандардың алдында қандай көрініс бар екенін көруге болады.
Британдық фотографқа жобаның идеясы 2012 жылы Мысырға барған кезде келген. Ол Гиза пирамидасына арқасын беріп, пирамидаға қарама-қарсы бетті суретке түсіреді. Фотографтың айтуынша, кадрдың артындағы көрініс қашан да қызық.
Назарларыңызға Volte-Face жобасының таңдаулы суреттерін ұсынамыз.