Ең таза ақша "еуро" болып шықты

Әлемдегі ең лас банкноталар Дания және Швеция елдерінің ақшалары болып шықты. Зерттеуді Оксфорд университетінің ғалымдары жүргізген.

Әр валютаны зерттеу астына ала отырып, мамандар қағаздағы бактериялардың санын анықтауға тырысқан. Нәтижесінде ең таза валюта "еуро" болып шықты. Банкноталардан орта есеппен 11 мың бактерия табылған.

Ал Швеция мен Дания кроналарынан 40 мыңға жуық бактерия табылған. Ғалымдар, осы орайда, инфекциялық аурулар туғызу үшін 26 мың бактерияның жеткілікті болатындығын айтты.

Еуро

Дания кронасы

Швеция кронасы

Дайындаған: Еркебұлан Қайрахан

сурет: www.artleo.com, www.norsktour.com, sspfund.com