- Негізгі бет
- Саяхатты сүйемін
- Ең көп таралған...
Ең көп таралған фамилиялар
1. Ли – әлем бойынша 100 миллионнан астам адам.
Бұл әлемдегі ең көп таралған фамилия болып саналады. Қытайдың 7,9 пайыз адамы осындай тегіне ие болғандығына өздерін бақытты санайды екен. Адамның тұрғылықты мекен-жайына байланысты Lee, Li, Ly сияқты жазыла береді.
2. Чжан – әлем бойынша 100 миллионнан астам.
Бұл фамилия да Қытайда көп таралған. 1990 жылы бұл фамилия әлемдегі ең көп таралған болып саналып, Гиннестің рекордтар кітабына енген болатын. Қытайда бұл фамилия 4 000 жылдан бері қолданылып келеді.
3. Ван (Wang) – 93 миллион адам.
Қытайдың жалпы адам саны 1 миллиардтан асады. Заңды түрде алдыңғы үштікті қытайлық фамилиялар алып тұрғаны белгілі. Ван - тікелей аударсақ - «шіркеу қызметкері» деген мағынаны білдіреді. Бұл фамилия Жапония, Вьетнам, Корея елдерінде де кең қолданыста.
4. Нгуен (Nguyen) – 36 миллион адам.
Ең көп таралған вьетнамдық фамилия. Вьетнам тұрғындарының 40 пайызы осы фамилияны алған. Олар көшіп барған елдерде де бұл фамилия көптеп кездеседі. Мәселен, Аустралиядағы ең көп таралған 7 фамилияның бірі, Францияның ең көп таралған фамилияларының 54-іне кіреді, АҚШ-та бұл есім 57-орында.
5. Гарсия – 10 миллион адамнан астам.
Гарсиялар әлемнің әр жерінде де кездеседі – Солтүстік Америка, Оңтүстік Америка, Филиппин, Испания. Тікелей аудармасы – «жас» деген мағынаны білдіреді. 3,3 пайыз испандықтар осы фамилияны алған. Кубада бұл фамилия көп таралған есім болып саналады. Мексикада 4,1 пайыз азамат - Гарсия.
6. Гонсалес – 10 миллион адамнан астам.
Гонсалес – испан фамилиясы. Гарсиядан кейінгі ең танымалы да осы. Латын Америкасында ең көп таралған ныспы болып саналады.
7. Эрнандес – 8 миллион адамнан астам.
Португалдықтар да, испандықтар да бұл атқа таласып келеді. Мексикада, АҚШ-та, Чилиде, Кубада бұл фамилия өте танымал. Аудармасы – «Эрнанның баласы» дегенді білдіреді.
8. Смит – 4 миллион адамнан астам.
Смит – ағылшын фамилиясы. Ол Ұлыбританияда, Аустралияда, АҚШ-та, Канадада және Ирландияда көп тараған. Бұл фамилия – ұста өнеркәсібіне байланысты пайда болған. Ежелде ұсталарды осылай атаған.
9. Смирнов – 2,5 миллион адам.
Біз ойлағандай, орыстарда ең көп таралған фамилия Иванов емес, Смирнов екен. Әлемнің 2,5 пайыз адамы осы фамилиямен тіркелген.
10. Мюллер – миллионнан астам адам.
Немістің Мюллер фамилиясы Германияда, Швейцарияда және Австрияда көп таралған.
Дайындаған: Ардақ Құлтай
Сурет: favim.ru
А. Құлтай