Халықаралық International SOS медициналық компаниясы туристер үшін қауіпті болуы мүмкін елдер тізімін жасады.
Рейтингке енген елдердің қауіптілік деңгейі әр түрлі. Сараптау кезінде ел ішіндегі қауіпсіздік, жолдардың жағдайы мен медициналық қызмет көрсетудің деңгейі ескерілген екен.
Сонымен, ең қауіпті ел ретінде Сирия, Ауғаныстан, Йемен, Ливия, Дарфур, Сомали, Оңтүстік Судан, Гао, Тимбукту мен Малидің Кидал аумағы танылды.