Норвегия елінде әлемдегі ең әдемі теміржол орналасқан.
Флом темір жолы теңіз деңгейінен 865 метр биіктіктегі Мюрдал станциясынан Орландфьордтағы Флам аңғарына дейін тік төмендейді. Флом темір жолында 20 туннель, 1 көпір және 10 станция бар. Бұл бірегей теміржол әлемдегі ең тік стандартты темір жолдардың бірі болып табылады. Бүкіл тармақтың 80% 55 мың еңіспен жүреді, яғни, әрбір 18 м жол бір метрге биіктей түседі.
Қазір темір жол негізінен туристік мақсатта пайдаланылады. Өйткені, оның бойымен саяхаттай отырып, сіз ерекше норвег пейзаждарын көре аласыз - терең шатқалдар, сарқырамалар, қарлы шыңдар, тау фермалары мен өзендер.