АҚШ-тың Огайо штатындағы Твинсбург қаласында жыл сайын "Егіздер" фестивалі өткізіліп тұрады. Ең қызығы, егіздер сайысы өткізілетін қала атауын біздің тілге аударсақ, «твинсбург» - «егіздер қаласы» дегенді білдіреді екен.
Твинсбургтегі ең алғашқы фестиваль 1976 жылы өткізілген болатын. З6 жылы бойы дәстүрлі түрде өткізіліп келе жатқан додаға былтырғы жылы үш жарым мыңнан астам егіздер жұбы қатысқан болса, биылғы жылы екі мыңнан астам жұп бақтарын сынады. Ең жас егіздердің жасы – бірнеше ай ғана болса, ең үлкендерінің жасы – тоқсан жетіде екен.
Фестивальді ұйымдастырушылар іс-шараның сәтті өтетіндігіне шын сеніп, оның қанат жаю жолында ерен еңбек еткендіктерін айтады. Бәрі де солай болды, жер шарында өтетін көптеген сайыстарға қарағанда "Егіздер" фестиваліне жиналатын халық едәуір көп екендігін айта кетейік. Және танымалдығы жөнінен де алдыңғы орында тұр.
Фестивальға Аустралия, Жапония, Канада секілді алыс-жақын шет елдерден келген қонақтардың ризашылығында шек жоқ десе де болады.
«Егіздер» додасының негізгі авторлары - Твинсбург қаласының тұрақты тұрғындары, ағайынды егіз бауырлар.
Фестивальға кез келген жастағы «егіздер», «үшемдер», тіпті «төртемдердің» де қатыса берулеріне болады. Фестиваль барысында түрлі-түрлі сайыстар, таланттылар байқаулары және қаладағы ең ұзын көше бойында «егіздер шеруі» өткізіледі. Ең бастысы, фестивальдің «ең сымбатты Патшасы», «ең сұлу Патшайымы», «ең сүйкімді Ханзадасы», «ең көрікті Ханшайымы» анықталады.
Биылғы жылдың жеңімпаздары болып Акронадан келген үш жастағы Авиар (сол жақтағы) және Авион Оуэнс-Коттрел есімді егіздер танылды.
Суреттер:omyworld.ru,bugaga.ru,
oblacco.livejournal.com,liveinternet.ru,copypast.ru
Дайындаған: Айгерім Сматуллаева