АҚШ-тың «Ғылым» журналы жақында 10 жылдан бергі дүниені өзгерткен 7 үлкен ғылым жетістігін саралап шықты. Олар:
«Керексіз геннің» маңыздылығы. Ген зерттеу қызметінің ғылым саласындағы ерекше маңызды жұмыс екені аян. Бірақ, ғалымдар біраз генді осыдан біраз уақыт бұрын «керексіз ген» деп сырып тастаған болатын. Ал жақын жылдары зерттеулер осы керексіз деп қаралған гендердің басқа гендер сияқты маңызды рөл атқара алатындығын көрсеткен. Әлемдегі заттардың құралуы. Осы 10 жылда зерттеушілер әлемдегі заттарды жай заттар, күңгірт заттар және күңгірт энергия деп бөлген әрі осы бөліктер арасындағы өзара байланысты ерекше айқын белгілеген. Бұл ғылым саласындағы әлем теориясын жалпылық теорияға не ғылымға айналдырды. Қайтыс болған адамның DNA-сы жөнінде. Ғалымдар биологиялық молекула немесе коллагендік ақуыздың ондаған мың жыл өмір сүретіндігін байқады. Бұл арқылы қызыл кітапқа енген өсімдіктер мен жануарларды және адамзаттың тегіне қатысты маңызды ақпараттарды алуға болады. Марстағы су. 10 жылдан бері Марсты сан рет бақылау арқылы ондағы жартастардың пішінін өзгерте алатындығы, тіршілікке қажетті судың да бар екендігі дәлелденді. Судың тіршілік көзі екендігін ескерсек, Марс адамзатқа екінші мекен болуы мүмкін. Клетканың қайтадан жүйе құруы. Зерттеушілер клетка жүйесін қайта құру арқылы оны әртүрлі дене клеткасына өзгертудің әдісін байқаған. Ғалымдар болашақта осы техниканы пайдаланып адам денесіне істетуге болатын ұлпа немесе мүше жасауға болатындығын айтуда. Адам денесіндегі микроорганизмдер. АҚШ мемлекеттік Денсаулық сақтау академиясы 2007 жылы адамзат денесіндегі микроорганизмдер зерттеу жоспарын атқарды. Бұл жоспар микроорганизм генінің біздің азықтықтар сіміретін энергиямызға қайтып ықпал жасайтынын, ауруға қарсылық қуат жүйесінің ауруға қалай төтеп беретінін түсінуімізге мүмкіндік жасады. Күн жүйесінің сыртындағы жұлдыздар әлемі. 2000 жылға дейін ғарыш саласын зерттеушілер күн жүйесінің сыртында тек 26 қыдырма жұлдыздың бар екенін білетін. Қазір оның саны күн сайын өсіп барады. Астрономдар жаңа технологияны пайдаланып ғарыш әлемінен Жер шарына ұқсайтын жұлдыздарды табуды ойластыруда.Дайындаған: Мейіржан Әуелханұлы
Сурет: ilovestyle.com