Еуропа елдеріндегі жұмыссыздық күннен-күнге экономикалық хал-ахуалды ушықтырып барады.
Дания мемлекеті қаржы мәселесінде тапшылық көріп отырмаса да, жоғары білімді азаматтар мен азаматшалар әлі күнге тұрақты жұмыс көзін табу жолында әуреленіп жүр. Осы мақсатта даниялық “Reputation Copenhagen” маркетинг фирмасы жұмысшыларға қожайын тауып беру мақсатында оларға өз кандидатураларын дәл дүкен көрмесіне қоюларын ұсынады.
Аталған елдерде заң мен экономикадан бастап, әрқилы дизайнерлік, сауда-саттық саласының мамандықтары аралығында жақсы жалақысы бар жарқын жұмыс орнын іздеп жүргендер көп. Ол жандар айлап, жылдап әртүрлі компанияларға түйіндеме тастап, нарық кемесін теңселтіп, қолдары тигенше кез келген бос орынға, яки ваканция үшін жандарын жұлып жеуге бар.
Тоқтаусыз іздестіру жолы ақыр аяғы өздерін дүкен сөрелерінде ұсынуға алып келді. Шындығы, тірі манекен рөлін сомдауда өз бақтарын іздестіруде.
Істің ақыры нәтижесіз көрінгенімен, фирма басшылығы ертелі-кеш дүкен сөрелерінде тұрған оларға бір жұмыстың табыларына сенімді.
Сурет: ru.publika.md; axortagos.gr
Дайындаған: Фараби Арыстанбек