Вайлд Вади саябағы – Араб Әмірлігінде орналасқан көрікті де келушілердің барлығына ортақ саябақ. Ол Бурдж Аль Арабтың жанындағы Джумейреде орналасқан. Вайлд Вади – Дубайдың ең жақсы да атақты жерлерінің бірі. Бұл жерде әлем бойынша екінші орынды алатын Еркін Құлау деген атқа ие ең биік сырғанақ төбешік бар.
Көңіл көтеру кешенінің бағдарламасында дәстүрлі су төбешігі, серфингке арналған жеңіл көліктер, бассейндер және бұдан да өзге қызықтырарлық жерлер бар. Саябақ отбасылық мерекелер мен достармен бірге отырып көңіл көтеру үшін арналған. Вади ақ суы, Hos’N Hurler, Wadi Twister, Tumble Falls, Falcon Fury, Rushing Rapids, Thunder Rapids – сол жерге барғанда міндетті түрде отырып көруіңіз керек таңғажайып аттракциондардың тізімі.
Breakers Bay Таяу Шығыстағы ең үлкен толқынды бассейн. Ол 5 түрлі конфигурацияға сәйкес, параллель және тор көзге ұқсас 1,5 метр биіктігі бар толқындарды түзеді. Duha’s Dhow and Lagoon – Вайлд Вадидегі кішкентай балаларға арналған 100 түрлі су ойындары мен сырғанақ төбешіктері бар жері. Ең қолайлы уақыт, әрине, жаз уақыты.
Вайлд Вади аква саябагында Jumeirah Sceirah (қорқақтар үшін емес) стиліндегі аттракциондар мен алып суға түсуге арналған сырғанақ төбешіктері, үлкен таулы құрылымдар, тропикалық өсімдіктер бар. Ал егер жәй ғана рахаттанғыңыз келсе, үрленген дөңгелекке шығып, Жалқау Өзенмен төменге сырғанап түсіңіз.
Балалар қуана отырып мини бассейндерге шомылады. Суға батырмайтын кеудешелер барлық келушілерге беріледі, ал төтенше жағдайда құтқарушылар үнемі бақылаумен болады. Вайлд Вади Дубайдағы демалысты қызықты өткізуге болатын барынша көлеңке әрі ең ыстық жер.
Дайындаған: Қарлыға Бүйенбай
Сурет: lifeglobe.net