Ардақты Массагеттіктерді бүгіннен бастап әлемдегі ғажайып әдемі құрылыстармен таныстыруды бастаймыз.
Алғаш болып Дубайдағы қолдан жасалған аралдар туралы әңгімелеуге тырысып көреміз.
Араб Эмираттарында қолдан жасалған аралдардың 2 композициясы бар. Бірі "Пальма аралдары" деп аталса, екіншісі "Әлем" деп аталады. Мұхиттың үстінен арал салудың қаржылық, физикалық қиындықтары көп болатыны анық. Олай болса, аралды қалай салатынын суреттер айтып берсін.
Алғашқы жұмыстар. Судың түбін тас пен топыраққа толтыру
"Әлем" аралдарының құрылысы
"Әлем" аралдары
Жерде тұрып қараған адамға қалай болса, солай салынған аралдар секілді болғанымен, биіктіктен көз салсақ, жер планетасының картасы көрінеді.
Пальма аралдары құрылысының принципі де дәл осындай.
"Пальма" композициясының құрылысы
"Пальма" аралдары инфраструктурасының құрылысы
Аралдарда тұрғын үйлермен қоса, ойын-сауық орталықтары да көп. Осының бәрі әлемнің түкпір-түкпіріндегі туристерді елітіп, өзіне шақырып тұрады. Оның үстіне мұхиттың бризі де адамға ерекше сергектік сыйлайтыны сөзсіз.
сурет: forum.semeyniy-ugolok.ru, fototelegraf.ru, ummahweb.net, mc2websites.com, zolototur.ru