Дубайдағы ғажайып гүл бағы

Дубайдағы ғажайып гүл бағы
Фото: adme.ru

Дубай – БАӘ-дегі ең сұлу қала. Бұл жақта көздің жауын алатын көптеген сәулет өнері бар. "Ғажайып бақ" – Дубайдың ең әдемі жерлерінің бірі. Әлемдегі ең үлкен гүл бағына айналып үлгерген бақтың орнында бірнеше жыл бұрын ешкім тұрмайтын шөл дала болған. 

Ғажайып гүл бағының территориясы – 6,7 гектар. Бұл жаққа гүлдің 45 түрі арнайы әкелінген. Бақты құрушылар баққа күн сайын өзгеріс енгізіп отырады. Бақ ғашықтар мерекесіне арнап ашылғандықтан, бұл жер ғашықтардың сүйікті мекеніне айналған. 

Р. Роза