- Негізгі бет
- Саяхатты сүйемін
- Дөңгелекті үй...
Дөңгелекті үй
Таяуда күллі әлемді аузына қаратқан ерекше үлгідегі, дөңгелекті үй жасап шығарылды. "Ғимарат" викториандық стильде тұрғызылған.
Үй планетаның кез келген жеріне қыдырып бара алады. Бұған дейін әлемнің мен деген ең мықты суретшілері мен дизайнерлері осыған ұқсас бірнеше туындылар жасап шығарған болатын. Олардың қатарында: дөңгелекті сағат, механикалық құстар, викториандық стильдегі роботтар, тіпті, дөңгелекті саябақтар да бар. Енді міне, суретші Шенон О'Хара дөңгелекті үй жасап шығарды.
Заманауи үй кез келген тұрғынның қажеттіліктерін қамтамасыз ете алады. Дизайнерлердің тыңғылықты жұмыстарының арқасында бұл тұрғыдан ешқандай қиындықтар жоқ. Әлемнің қайсыбір бұрышында болмасын, үй сізге жайлы мекен бола алады.
Neverwas Haul атауы берілген дөңгелекті үй бу қозғалтқышымен жүреді. Яғни, үйді көмірмен "тамақтандырып" отыру керек.
Шеннон О' Хароның аталған Neverwas Haul туындысы Сан-Францискода өткен Burning Man атты заманауи өнер фестивалінде көрсетілген болатын. Үй елу мыңға жуық көрерменнің жоғары бағасына ие болды.
Суреттер:kulturologia.ru,delfi.ua,dezinfo.net
Дайындаған: Айгерім Сматуллаева