Шамамен VIII-IX ғасырларда салынған қайталанбас бітімі бар Домбауыл кесенесіне жасалған 3D виртуалды турын назарларыңызға ұсынамыз. Аңыз бойынша астыңғы қабаты шаршы пішіндес, үстіне киіз үй тәріздес күмбез салынған, биіктігі 5 метрден асатын бұл мазар көзі тірісінде Жошы ханның сенімді серігі, сарай мергені болған Домбауылға арналып салынған екен. Тарихи жәдігерді өз көзіңізбен көріп, зерттеңіз!