- Негізгі бет
- Саяхатты сүйемін
- Джерси аралынан 16...
Джерси аралынан 16 млн долларлық қазына табылды
Екі әуесқой археолог Джерси аралынан еуро тарихындағы ең үлкен қазынаны тапты. Қоймадан табылған мыңдаған күміс және алтын мәнеттердің салмағы 3/4 тоннаны құраған.
Сарапшылардың бағалауынша олжаға 2000 жылдан астам уақыт болған. Табылған мәнеттер шамамен біздің дәуірімізге дейінгі 50 жылға жатады-мыс және аталған мәнеттерді қазіргі Британияның солтүстігін мекендеген кельт тайпалары кориозолиттер қолданған көрінеді. Ғалымдардың пайымдауынша, адам сенгісіз қазына Рим әскерлерінің шапқыншылығы қарсаңында жасырылынған болуы керек.
Ғасырлар бойы мәнеттер сазбен бірігіп кетуінен әзірге зерттеушілер мәнеттердің жалпы санын анықтай алмауда. Ғалымдар мәнеттердің саны 30-50 мың шамасында болуы мүмкін деп болжауда. Сондай-ақ әр мәнет 100-200 фунт стерлингке бағалануы ықтимал, онда ежелгі қазынаның құны 5-16,3 миллион долларға жетеді.
Джерси аралының шығысы қазына іздеушілерді бұрыннан қызықтыратын. Сенсациялық жаңалық ашқан 70 жасар Рег Мед пен оның серктесі Ричард Майлз осы төңіректе 30 жылдан астам уақыт қазына тапқылары келгенін мойындаған. Алайда, табысқа жеткен серіктестер тек рухани ләззат үшін айналысқандарын, ал қаржылай сыйақы көңілге жағымды іс болатынын айтады.
Дайындаған: Ғани Тұрғынбеков
Сурет: mirfactov.com, lovecpokladu.cz
Ж. FM