- Негізгі бет
- Саяхатты сүйемін
- Дастархан-таулар жайлы білесіз...
Дастархан-таулар жайлы білесіз бе?
Әлемде талай қызық бар, демекші асхана таулар жайлы естігеніңіз бар ма? Бұл алып үстірттердің үстіңгі беті қарапайым үстелге ұқсап келеді, алайда аумағы жағынан мыңдаған шаршы метрге созылып жатыр.
Тепуи, немесе тепуй – Оңтүстік Америкадағы Гвиан таулы қыратында орналасқан асханалық таулар, көп бөлігі Венесуэлаға тиесілі. Ішінде ең танымал тепуйлер - Аутана, Ауянтепуи және Рорайма тауы. Көптеген тепуйлер Канаима весесуэлалық ұлттық паркінде орналасқан және ЮНЕСКО дүниежүзілік мұрасына кірген.
«Тепуи» сөзі Гран Сабана аймағын мекен еткен пемон үндістерінің тілінде «құдайлар үйі» деген мағынаны білдіреді. Тепуйлердің көбі бір-бірінен алшақ орналасқан. Құрайт жерлердің үстінен көтеріліп, жолы қиын жоталардан тұрады және соның арқасында көптеген жергілікті өсімдіктер мен жан-жануарлардың мекендеуіне жол ашады.
Тепуйлер бір кездері Атлант теңізі жағалауынан Амазонка, Ориноко және Риу-Негру өзендерінің алабына дейін созылған алқапты үстірттің қалдығы болып саналады. Көлдің орнында бұл үстірттер Оңтүстік Америка мен Африка әлі бір құрлық болып тұрған кездері, шамамен 200 млн жыл бұрын пайда болған.
Ең биік Писо-де-Неблин тепуиі (3 014 м) Бразилияда орналасқан. Пико-Фелпс (2 992 м), Бразилия, Гайана мен Венесуэланың шекарасында орналасқан Рорайма (2 810 м) және Серро-Марауака (2 800 м) тепуйлері биіктігі жағынан келесі үштікті құрайды.
Ауянтепуи – тепуйлердің ішіндегі ең ірісі, үстірттің үстіңгі бетінің ауданы 700 км² құрайды. Осы таудан Анхель — ең биік сарқырамалардың бірі ағады.
Дайындаған: Айгерім Сматуллаева
Суреттер: vk.com
A. Mustafina