Черапунджи -Мегхалая штатындағы шағын қалашық. Үндістандағы елді-мекен өзінің өзгеше ауа ылғалдылығымен танымал - ылғалдылық бойынша жер бетіндегіекінші орында тұрған мекен. Соған қоса, аталған аймақ таң-тамаша қалдыратын тірі көпірлерімен де атақты. Бұл дегеніміз, бұл елде көпірлер соғылмайды деген сөз. Есесіне, олардыкаучукфикус тамырынан өсіріп шығады екен (жердің үстіне шығып өсіп жататын қосалқы тамыр). Ерте уақытта жергіліктіУор-Кэсис тайпасы осы бір ағаштарды өзен-көлдерден өту мақсатында қолданып отырыпты. Қазір де сол бір үрдістен алшақтай қоймаған елді-мекен тұрғындарыЧерапунджи аумағында тірі көпір өсірумен айналысады. Ұзақ уақыт бойына жетіліп келе жатқан әдіс-тәсілдердің көмегімен тамырларды жұмсақ қылып, тік өсулеріне мәжбүрлейді. Арада 10-15 жыл өткенде тірі әрі мығым көпір дайын болады. Қарапайым көпірлер мезгілі жеткенде тозып, көнеретін болса, тірі көпірлер жыл өткен сайын мығымдала түседі. Олардың кейбірінің жасы 500 жылдан асып жығылатын көрінеді. Бір уақытта 50 адамды көтеріп тұратын көпірлердің де өз ішінде үздіктері бар. Мәселен, Умшианг қосарлы көпірлі бүкіл әлемде өзіне ғана тиесілі даралығымен ерекшеленеді.