Бұлт... Жаңбыр... Нөсер...

Бұлт... Жаңбыр... Нөсер...

Сөну, жану, қайтадан лап ету және жалындау... Суретші Кейтлинд Браун жуырда ғана Канадада өткен Nuit Blanche атты заманауи өнер фестивалінде өзін дәл осылай таныстырды.

Және өзінің «Бұлт» атты ғаламат жұмысы арқылы айтылған сөзін толықтай дәлелдеп берді. «Бұлт» жиналған көпшіліктің алдында бір мезгілде жылтылдап, жыпылықтап, отқа малынды. Қалай дейсіз бе? Өйткені «Бұлт» толықтай қарапайым шыны лампылардан жасалған.

Бұлт кейпіндегі алып «саңырауқұлақ» фестиваль өткен алаңда көрген көзді таң қалдырып, кеш бойы ілініп тұрды. Ол қонақтардың ары-бері жүруіне еш кедергі келтірмейтіндей биік ілінген.

Бұлт та бар, жаңбыр да бар. Алайда тағы бір нәрсе жетіспей тұр. Иә, Найзағай! Найзағайды көргіңіз келсе, тамшылардың бірін тартып қалыңыз...

Кейтлиндке өз жұмысын жасау үшін бірнеше мың лампылар қажет болған. Осындай қиын әрі таңғажайып туындының дүниеге келуіне заманауи өнердің табынушылары тарапынан да көмек көрсетілген екен. Олар 5000-ға жуық лампыларды суретшіге әкеліп берген көрінеді.

Өзі жасап шығарған бұлтты нөсерге айналдыру үшін Браунға суретші Вэйн Гаррет көмек берген.

Суреттер:energysafe.ru,kulturologia.ru,blog.i.ua

Дайындаған: Айгерім Сматуллаева