Көлік жүргізушісі асығыстықтан немесе шыдамсыздықтан бағдаршамның қызыл түсіне тоқтамай өте шығады. Нәтижесінде жолда түрлі көлік апаты мен адам өлімдері орын алады. Ал мына бағдаршам сізді тоқтатпай қоймас.
Потругалдық өнертапқыштар осы бір түйткіл мәселенің тобықтай шешімін тапты десек, артық айтпағанымыз. Себебі олар ойлап тапқан бағдаршамын билеткізді. Мұндай бағдаршам шыдамсыз жаяу жүргіншілер мен биге жаны құмар кісілерге арналған екен. Енді бағдаршам би алаңы арқылы кез келген ерікті күту барысында жұрттың және өзінің көңілін бимен көтереді. Заң орындары осындай бағдаршамды Лиссабон қаласының қиылыстарының бірінде орнатып, сынақтан өткізген. Нәтижесі таңдай қақтырарлық. Қызыл түске тоқтамай өтетіндер қатары бұрынғымен салыстырғанда 81 пайызға азайған.
writeFlash({"src":"https://www.youtube.com/v/SB_0vRnkeOk","width":"450","height":"350"});
Оқи отырыңыз:
Бұл қызық: Алғашқы рет естіген сәт
Бұл қызық: Жарнаманы осылай жасау керек
Бұл қызық: Ерімейтін балмұздақ туралы естіп пе едіңіз?
Бұл қызық: әкесін танымай қалған кішкентай бүлдіршін (видео)
Дайындаған: Нұрбол Нұрмаханұлы
Сурет: www.crashonline.com