KLM авиакомпаниясы Амстердам қаласындағы Схипхол әуежайында жоғалған затты иесіне қайтарып беру қызметін іске қосты. Қызмет көрсетуші – Шерлок лақап атын иемденген бигль тұқымды ит.
Қызыққұмар ит сізге жоғалтып алған затыңызды алып келуден бөлек, сіздің көңіл-күйіңізді де көтеруге үлкен үлес қосады. Арнайы жаттығу жұмыстарын өткерген ит әрбір затты иесіне жылдам жеткізуге барын салып әрекет етеді екен. Ендеше Голландияның әуежайында затым жоғалды деп қайғырмауыңызға болады.
writeFlash({"src":"https://www.youtube.com/v/NK-T_t166TY","width":"450","height":"350"});
Дайындаған: Жолдас Өрісбаев
Сурет: www.hngn.com