Гитхорн ауылының ерекшелігі – бұл жерде көліктер немесе автобустардың ізін көрмейсіз. Көшелер негізі арна болғандықтан су жиналып, өзен ағып жатыр, жолаушылар да тек қайықпен тасымалданады. Бұл ауылдың екінші бір балама атауы – Голландиялық Венеция. Қайталанбас тыныштығы мен таза ауасы ауыл тұрғындарын ерекше рахатқа бөлейді. Бұл жерге бара қалсаңыз 18 ғасырға тап болғандай күйге енесіз.
Бұл мекенді 1230 жылы оңтүстіктен қоныс аударушылар тапқан екен. Топан су басып өткеннен кейін келген коныс аударушылар алғашында шашылып жатқан көп ешкі мүйіздерін ғана көрген. Бұл ауылдың "Ешкі мүйізі" аталу құпиясы да осында болса керек (Goat horns лат.— Ешкі мүйізі).
Ертеде бұл жерде шымтезек кені табылған екен. Тұрғындар шымтезекті өздеріне ыңғайлы жерлерден қазып ала берген. Осылай шұңқырлар пайда болып, нәтижесінде сол жерлерге өзен орнаған. Қазір арық болып әр салаға аққан өзен саяхатшыларды бірден баурап алып жатыр.
Ауыл үйлерінің басым бөлігі арал тәрізденіп орналасқан, сондықтан да бұл ауылда 50-ден астам көпір салынған.
Сазды аймақтардың тұрғындары бүкіл ауылды қант құрағымен қамтамасыз етіп отыр. Үйлердің барлығының дерлік шатыры сабанмен жабылған. Ертеде бай, ауқатты кісілер ғана үй төбесін жабынқыш (жабынқыш - күйдірілген саз немесе цементті-құмды тығыз ертіндіден жасалған төбе жапқышы) шатырмен, ал қарапайымдары шатырын сабанмен жапқан. Қазір керісінше сабан шатыр қымбат болып тұр.
Голландиялық режссиер Берт Хаанстра өз фильмінде осы жерді көп көрсеткендіктен, "аралдағы ауыл" саяхатшыларға 60-жылдары кеңінен таныла бастады.
Барар жеріне тек қайықпен баратын болғандықтан, қарапайым қайық, үрлемелі қайықтар, жалға алуға болатын кіші катерлер жүреді. Олардың барлығына электроқозғалтқыштар орнатылған, жанармайдан улы газ бөлінетіндіктен, тұрғындар қара алтынды көп қолданбайды.
Оқи отырыңыз:
1.Тау баласы тауға қарап өседі
2. Өмір сүруге ең қолайлы 10 қала
3. Менің Еуропадағы күндерім
4. Африка құрлығында да тау шаңғы шипажайы бар
Cурет:kazakh.ru